20.04.2023 жылғы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 13-тарауы 4-параграфына «Мүгедектігі бар адамдарды мемлекеттік қолдау" (170-179 баптары) сәйкес мүгедектігі бар адамдардың:
1) мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
2) еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем;
3) мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы);
4) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы) түрінде әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің «Мүгедектігі бар адамдарды мемлекеттік қолдау" 13-тарауы 5-параграфына (175-179 баптары) сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқылы.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мүгедектіктің қашан – жұмыс істеу немесе қызмет ету кезеңінде, жұмысқа тұрғанға дейін немесе жұмысты тоқтатқаннан кейін болғанына қарамастан тағайындалады.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мүгедектік белгіленген күннен бастап, бірақ оны тағайындауға жүгінген күнге дейін немесе "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындауға келісім алған күнге дейін үш айдан аспайтын мерзімге тағайындалады.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы алушы төлемді алу кезеңінде Мемлекеттік корпорацияны мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін өзгерту немесе мүгедектігі бар адамдарға жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді төлеуді тоқтату үшін негіз болуы мүмкін мән-жайлар туралы он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшеріне байланысты Әлеуметтік кодекстің 177-бабында белгіленген.
Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері мүгедектігі бар адамдардың тиісті санаттары үшін белгіленген мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшерінен аз болса, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бар адамдардың осы санаты үшін белгіленген мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне дейін тиісті қосымша ақылар түрінде жүргізіледі.
Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша бір мезгілде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алуға құқығы бар адамдарға олардың таңдауы бойынша бір жәрдемақы тағайындалады. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы немесе асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын адамның өтініші негізінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының бір түрінен екінші түріне ауыстыру өтініш тіркелген күннен бастап жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің «Мүгедектігі бар адамдарды мемлекеттік қолдау" 13-тарауы 6-параграфында (180-182 баптары) Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем әлеуметтік төлем тағайындау тәртібі қарастырылған. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеген күннен бастап туындайды. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем әлеуметтік төлем тағайындауға жүгінген уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан тағайындалады. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшері жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі өзгерген күннен бастап қайта қаралады.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің «Мүгедектігі бар адамдарды мемлекеттік қолдау" 13-тарауы 7-параграфында (183-186 баптары) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы тағайындау тәртібі қарастырылған. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген шетелдіктерге беріледі. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы тағайындалады. Отбасында мүгедектігі бар екі және одан да көп бала тұратын жағдайда мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы мүгедектігі бар әрбір балаға тағайындалады және төленеді. Туған, асырап алынған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған мүгедектігі бар баласы бар отбасыларға, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген күннен бастап тағайындалады.
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы мөлшері 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейіне бюджет қаражаты есебінен тағайындалады және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшеріне байланысты белгіленеді.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің "Мүгедектігі бар адамдарды мемлекеттік қолдау" 13-тарауы 8-параграфы 187-189 баптарына сәйкес, күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген шетелдіктерге беріледі.
Сотталған адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бірінші топтағы мүгедектігі бар бір адамға ғана күтім жасай алады. Күтімді қажет ететін бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталғандар және оларға күтім жасайтын сотталғандар қылмыстық-атқару жүйесінің бір мекемесінде ұсталуға тиіс.
Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы мөлшері 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейіне бюджет қаражаты есебінен тағайындалады және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің