Катоқарағай ауданының тұрғындарымен кездесу

Катоқарағай ауданының тұрғындарымен кездесу

Облыс халқымен кездесулер өткізу үшін ақпараттық-түсіндіру тобының бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, 2023 жылғы 17 мамырда Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы С. К. Саятов Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округінің Қабырға, Жаңаүлгі және Мойылды ауылдарының тұрғындарымен кездесулер өткізді. Кездесулерге Катонқарағай аудандық әкімдігі өкілдері мен Катонқарағай ауылдық округі әкімі де қатысты.

Кездесу барысында елді мекендердің тұрғындары Катонқарағай ауылдық округінде және оның елді мекендерінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етілді. Тұрғындардың проблемалық сұрақтары мен тілектері тыңдалды. Әрі қарай шешу жолдарын анықтау мақсатында, айтылған мәселелер мен тілектер облыстық әкімдікке жолданатын болады.

Сондай-ақ кездесулер барысында Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің негізгі новеллалары айтылды:

1) Зейнетақы жүйесін дамыту – әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыруды 2023 жылдан бастап 5 жылға, 61 жас деңгейінде тоқтата тұру және ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен 54 % - дан 70 % - ға дейін, ең жоғарғыны – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін 100 % - дан 120 % - ға дейін кезең-кезеңімен жеткізу туралы;

2) Балалары бар отбасыларды қолдау шараларын күшейту – республикалық бюджеттен және МӘСҚ-дан бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұлғайту, МӘСҚ-дан жұмысынан айрылу бойынша төлем мөлшерін 40 % - дан 45 % - ға дейін ұлғайту;

3) Отбасының цифрлық картасын (ОЦК) енгізу.

ОЦК – азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдау түрлерін алу құқықтары туралы күнделікті «электрондық хабарлама», яғни қызмет көрсетудің белсенді форматының құралы болып табылады. Мемлекет АЖ арқылы тиісті органдарға жүгінбей-ақ мемлекеттік қолдау түрін алуды ұсынатын болады.

Кездесу соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.