Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасында «Тау-кен металлургия кәсіпорындарында өндірістегі қауіпсіздік (жарақаттану)» жобасын іске асыру жөніндегі кеңес өткізілді.

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасында «Тау-кен металлургия кәсіпорындарында өндірістегі қауіпсіздік (жарақаттану)» жобасын іске асыру жөніндегі кеңес өткізілді.

Бүгін, 2023 жылғы 12 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасы бойынша облыс прокуроры А. М. Байшулаковтың төрағалығымен, облыс әкімінің бірінші орынбасары А. Б. Сматлаевтың, уәкілетті мемлекеттік органдардың және кәсіпорындардың қатысуымен «Тау-кен металлургия кәсіпорындарында өндірістегі қауіпсіздік (жарақаттану)» жобасын іске асыру жөніндегі кеңес өткізілді.

Кеңес барысында Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы С. К. Саятов кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ Өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің ШҚО бойынша департаменті, ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшылары және тау-кен металлургия кәсіпорындарының өкілдері баяндама жасады.

Кеңесте бірлескен күш-жігермен шешілетін проблемалық мәселелер талқыланды.