Жаңалықтар

Жаңалықтар

2023 жылғы 4 сәуірде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен «Азаматтарға арналған үкімет» МК» коммерциялық емес АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Зайсан аудандық бөлімшесінің, Зайсан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдерінің, Зайсан ауданының Ардагерлер кеңесінің және Зайсан ауданының тұрғындарының қатысуымен Әлеуметтік кодекс жобасы аясында зейнетақы және әлеуметтік заңнамаларға енгізілетін өзгерістер туралы Зайсан ауданының халқымен онлайн форматта Zoom платформасы арқылы кездесу өтті.
Кездесу барысында қолданыстағы зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет, «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді Ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 07.12.2020 жылғы № 381 Заңының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының негізгі нормалары түсіндіріліп өтті.
Қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берілді.