Новости

Новости

2023 жылғы 31 наурызда Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен "Ашық есік күні" өткізді.

"Ашық есік күні" барысында жасына байланысты зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат баяндалды.

Соңында зейнетақы және әлеуметтік заңнама, жұмыс өтілін есептеу, зейнетақыға экологиялық үстемеақы, балалары бар отбасыларға жәрдемақы тағайындау және мөлшерін есептеу мәселелері бойынша жауаптар берілді.