Жаңалықтар

Жаңалықтар

Облыста бүгінгі таңда мүгедектігі бар 28 мыңға жуық адам тұрады. Облыс бойынша әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын осы мүгедектігі бар адамдарға бейімдеуге 2021-2023 жылдарға 429 нысан жоспарланған.

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мамандары тарапынан жоспар бойынша бейімдеуден өткен нысандарға постбақылау жүргізілуде.

Постбақылау кезінде бейімделген әлеуметтік инфрақұрылым нысандардың негізінен тірек қыймылы бұзылған, кресло-арбамен қозғалатындар, есту қабілеті және көру қабілеті төмен жандарға қолжетімділігі анықталады.

Бүгінгі таңда, бейімделген нысандардың ішінде 217 нысанға постбақылау жүргізіліп, мүгедектігі бар адамдарға келесідей сәйкессіздіктер анықталған: тірек қыймылы бұзылған жандар үшін - 30, кресло-арбамен қозғалатындар үшін - 44,  көру қабілеті төмен жандар үшін - 27.

Осы сәйкессіздіктерді түзету мақсатында облыстың қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлуметтік бағдарламалар бөлімі мамандарымен нысан иелеріне ұсыныстар берілген.

Бұдан басқа осы мәселелер бойынша Шығыс Қазақстан облысының мүгедектігі бар адамдардың құқықтары бойынша сарапшылық жұмыс тобының отырыстарында, облыстың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымдарына қолжетімділікті қамтамасыз етуде атқарылған іс-шаралар жөнінде жауапты органдардың басшылары мен орынбасарларының хабарламалары тыңдалып, талқыланып, тиісті ұсыныстар қабылдануда.