Жаңалықтар

Жаңалықтар

 

2023 жылғы 28 наурызда ZOOM платформасында онлайн форматта Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға құжаттарды қабылдау сапасын жақсарту және электрондық іс макеттерін қалыптастыру мақсатында "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы"КЕАҚ аудандық(қалалық) бөлімдерінің және облыстық филиалының мамандарымен оқыту жүргізді.

Оқыту барысында 2022 ж. және 2023 ж. өткен кезеңдегі жұмыс қорытындылары бойынша электрондық істер макеттері бойынша негізгі ескертулер айтылды, сондай-ақ қатысушылардың назарына Қазақстан Республикасының әлеуметтік заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жеткізілді.