Жаңалықтар

Жаңалықтар

       Зейнетақы төлемдері 2013 жылғы  21-ші маусымдағы Қазақстан Республикасының №105-V «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес тағайындалады. 

Бүгінгі таңда Қазақстанда әйелдер үшін зейнетақыға шығу жасы – 61 жасты құрайды.

Сонымен қатар, 5 және одан да көп баланы туған (асырап алған), оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйел адамдар 53 жасында зейнетке шыға алады.

5 және одан да көп баланы туған (асырап алған), оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйел адамдар 53 жасында зейнетке шығу құқығын анықтау үшін қосымша балалардың туу туралы куәліктерін (немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) және балаларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген фактіні растайтын құжаттар ұсынады.

Балаларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген фактіні растайтын құжаттар (олардың бар-жоғына қарай) болып:

1) балалардың жеке басын куәландыратын құжаттар,

2) балалардың неке туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде),

3) балалардың оқу орнында оқитыны туралы құжат,

4) балалардың тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелген орнын растайтын құжат,

5) балалардың қайтыс болу туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін жазу органы берген қайтыс болу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама),

6) әскери билет,

7) баланы (балаларды) тәрбиелеу, асырап алу фактісін белгілеу туралы соттың шешімі  болып табылады.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек өтілі еңбек кiтапшасымен расталады.

 Еңбек кітапшасы болмаған немесе жарамсыз болған, еңбек кітапшасында тиісті жазбалар болмаған, түзетулер, дәлсіздіктер, әртүрлі оқулар болған кезде жұмыс өтілі жұмыс туралы мәліметтерді растайтын құжаттар - мұрағат мекемелерінің анықтамалары, мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мұрағат құжаттарының электрондық көшірмелері не сот шешімі негізінде белгіленеді.

Жасына байланысты зейнетақы мөлшерін есептеу үшін өтіл "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес,  1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептелетініне назар аударған жөн.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде табыс орталықтандырылған дерекқордың міндетті зейнетақы жарналарының, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың, міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдардың және/немесе жарналардың және жеке табыс салығының аударылуы туралы мәліметтерімен расталады.

 Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 55 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс, яғни жасына байланысты жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап  189 750 теңге теңгені құрайды, айлық есептік көрсеткіш мөлшері 2023 жылдан бастап 3450 теңге мөлшерінде белгіленген.