Жаңалықтар

Жаңалықтар

Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы М. Н. Чукубаев 2022 жылдың 28 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық бірлестіктері өкілдерімен «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына енгізілген өзгерістерістер мен толықтырулар туралы тақырыпта дөңгелек стол өткізді.

Дөңгелек столға «Алтын-Ай мүгедек әйелдер» қоғамдық бірлестігінің төрайымы - М.М. Мирвазетдинова, «Қазақстандық саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрайымы - Е.А. Баус, «Қазақстан соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы - С.Т. Раев, «Душа добра» қоғамдық қорының басшысы - И.В. Ляховская және «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің  «Өскемен оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС директоры - И. А. Смоляков қатысты.

Кездесу кезінде дөңгелек столға қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.