Жаңалықтар

Жаңалықтар

   

2022 жылғы 20 және 27 желтоқсанда Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары М.В. Шаронова, ШҚО  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағарламалар басқармасының әлеуметтік төлемдер бөлімінің басшысы Б.Б. Кусманова, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ ШҚО бойынша филиалының бас маманы А.А. Уалиевтың қатысуларымен  Ұлан ауданының халқымен,  ауылдық округ әкімдіктерінің,  жұмыспен қамту орталығының мамандарымен, зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің арттырылуы туралы  түсіндірме жұмыстары  өткізілді.

Кездесуге ауданның ауылдық округ әкімдіктерінің,  жұмыспен қамту орталығының,  «Аманат» партиясының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында 2023 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің арттырылуы, 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты төлемнің 1,5 жасқа дейін ұзартылуы, отбасының цифрлық картасын енгізу туралы ақпарат жеткізілді.

Кездесу соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.