Жаңалықтар

Жаңалықтар

2022 жылғы 26 желтоқсанда департамент басшысының медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері жөніндегі орынбасары Қ.М. Ибраева мүгедектікті белгілеу бойынша мемлекеттік қызметті алу мәселелері бойынша "Шығыс-Адалдық - аланы" жобасы шеңберінде азаматтарды қабылдады. 

Азаматтарды қабылдау барысында барлық сұрақтарға жауаптар беріліп, "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңнамалар мен Әдеп кодексінің негізгі нормалары түсіндірілді. Сондай-ақ, "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 12.10.2021 ж. ҚР Заңына сәйкес жеті жастан бастап балаларға мүгедектік топтарын белгілеу нормалары түсіндірілді.