Жаңалықтар

Жаңалықтар

2022 жылдың 2 - 4 қарашасы аралығында Глубокое ауданы Белоусовка кентінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Садыков Алтай Ауесканұлы 2022 жылдың екінші жартыжылдық тізіміне сәйкес Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңдарының сақталуы бойынша Өскемен қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (әрі қарай - Орталық) профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу үшін қызметтік іссапарда болды.

Субъектілерге бару арқылы  профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңдарының, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары мен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларының бұзылуын жоюға 2 нұсқама берілді.

Орталықта 2022 жылдың 14 қазанында келесі тақырыбтар бойынша семинар өткізілді:

  1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңдарына, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырылулар.
  2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі жобасы – Арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту бөлігі.

Семинар жұмысына орталық директоры А. А. Белгібаев және мамандары қатысты.

Семинар барысында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарының және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметі қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырылулар бойынша сұрақтар қойылып, оларға жауап берілді және нормативтік – құқықтық актілерінің электрондық нұсқалары берілді.