2022 жылғы 24 мамырда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы М. Н.Чукубаев мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігі бойынша көшпелі рейдтерге және ШҚО Қоғамдық Кеңесінің мүгедек адамдардың құқықтары жөніндегі комитетінің Риддер қаласындағы отырысына қатысты.
Рейд барысында «Риддер қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ, «Риддер қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, Шығыс Қазақстан облысының Риддер қалалық сотына және Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№5 орта мектебі» КММ болды.
Рейдтер аяқталған соң «Аманат «партиясы» ҚБ ШҚОФ партиясының Риддер қалалық филиалының ғимаратында ШҚО Қоғамдық Кеңесінің мүгедек адамдардың құқықтары жөніндегі Комитетінің отырысы өткізілді. Отырысқа жұмыс тобының мүшелері мен шақырылған адамдар қатысты.
Отырыс барысында ШҚО Қоғамдық кеңесінің мүгедек адамдардың құқықтары жөніндегі комитетінің басшысы О.Г. Кузовлева отырысқа қатысушыларды өткізілген рейдтердің нәтижелерімен және Комитеттің жұмысымен таныстырды.
Отырысқа қатысушылар рейд қорытындысы бойынша берілген ұсынымдар бойынша талқылау өткізіп, Комитет басшысына өз ұсыныстарын берді.