Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесінің отырысы

Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы  Үйлестіру кеңесінің отырысы

2021 жылғы 2 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А. М. Мухамедчиновтың басшылығымен селекторлық режимде Үйлестіру кеңесі мүшелерінің, облыстық басқармалар басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдері орынбасарларының, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Үйлестіру кеңесінің отырысына Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдері – департамент басшысы С. К. Саятов, медициналық-әлеуметтік сараптаманың мәселелері жөніндегі департамент басшысының орынбасары К. М. Ибраева, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы А. А. Садыков қатысты.

Үйлестіру кеңесінің отырысы барысында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі басқармаларының мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі есептері тыңдалды.

Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша, қатысушылардың ұсыныстарын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А. М. Мухамедчиновпен облыстық басқармалардың басшыларына, қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне нақты тапсырмалар берілді.