Медициналық-әлеуметтік сараптаманың сапасын бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі кеңес

Медициналық-әлеуметтік сараптаманың сапасын бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі кеңес

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді тетігін құру бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізеді.

Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықты жоюдың ең пәрменді факторларының бірі профилактикалық жұмыс, мемлекеттік қызметшілерді ҚР заңнамасындағы барлық өзгерістер туралы хабардар ету болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ҚР заңдарын қатаң сақтау және құрметтеу сезімін тәрбиелеу, оның ішінде тәртіпті арттыру мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің(сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы Архат Әбжатұлы Бейсембаевпен семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңес барысында барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді

Сонымен қатар,  Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Медициналық-әлеуметтік сараптама негізінің» пәнін болашақ дәрігерлерді неғұрлым тереңдетіп даярлау үшін медициналық жоғары оқу орындарында оқыту бағдарламасына енгізу мәселесін қарау туралы ұсыныс берді.