Брифинг

Брифинг

19.11.2021 жылы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің ғимаратында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты баспасөз өкілдерімен брифинг өтті.

Брифингке Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының м.у.а. С.К. Саятов, әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент басшысының орынбасары М.В. Шаронова, медициналық-әлеуметтік сараптаманың мәселелері жөніндегі басшының орынбасары К.М. Ибраева, облыстық «Алтай» телеканалының, «Дидар», «Мой город», «Менің өлкем» газеттерінің тілшілері қатысты.

Брифинг барысында Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 12 қазандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың  жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы аясында түсініктемелер берілді, атап айтқанда 7 жастан бастап 18 жасқа дейінгі балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерлерінің ұлғайуы, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде тағайындау, мүгедектік себебіне қарамастан I топтағы мүгедектің күтімі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау, жасына байланысты зейнетақы мен базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтіліне санау үшін мүгедектігі бар балаға күтім жасау мерзімін 18 жасқа дейін ұзартылуы туралы түсініктемелер берілді.