«Кеңес беру» күні

«Кеңес беру» күні

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша 2021 жылға арналған жоспарын орындау мақсатында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі Zoom арқылы онлайн форматта 2021 жылғы 29 қыркүйекте «Кеңес беру» күнін өткізді.

Онлайн форматтағы қабылдауға қосылған азаматтардың сауалдары негізінен зейнетақы төлемдерін есептеу тәртібі, көп балалы аналарға мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер мен жәрдемақылар, жас мамандарды жұмыспен қамту туралы болды.

Барлық сұрақтарға жауаптар берілді.