«Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындауға құжаттарды қабылдаудың сапасын арттыру» тақырыбында семинар-оқыту

«Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындауға құжаттарды қабылдаудың сапасын арттыру» тақырыбында семинар-оқыту

2021 жылғы 26 тамызда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен бекітілген оқыту кестесіне сәйкес онлайн форматта Zoom платформасы арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» МК»  коммерциялық емес АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Тарбағатай және Үржар аудандық бөлімшелерінің мамандарымен зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындауға құжаттарды қабылдауда және іс макеттерін қалыптастырудың сапасын арттыру мақсатында «Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындауға құжаттарды қабылдаудың сапасын арттыру» тақырыбында семинар-оқыту өтті.

Семинар оқытуды Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, «Алтын-Ай» мүгедек әйелдер» ҚБ мен «Саңыраулардың қазақ қоғамы» ҚБ ШҚ облыстық филиалы өкілдерінің қатысуымен жүргізді.

Семинарда қолданыстағы зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру талқыланды. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді Ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 07.12.2020 жылғы № 381 Заңының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының негізгі нормалары түсіндіріліп өтті.

Қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берілді.