Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасы бойынша онлайн кездесу

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасы бойынша онлайн кездесу

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасы мен зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бойынша онлайн кездесу өтті.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде Еңбек,  әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде «Adaldyk Alany» жобалық кеңсесінде Zoom режимінде Өскемен, Семей, Риддер қалаларының, Глубокое, Ұлан және Шемонаиха аудандарының жұмыспен қамту және әлуеметтік бағдарламалар бөлімі басшылары, ардагерлер кеңесінің төрағаларымен дөңгелек үстел өтті.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен халыққа зейнетақы және жәрдемақы тағайындау бойынша 15 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Департамент өкілдері «Электрондық Үкімет» www.egov.kz веб порталы арқылы, проактивті форматта алуға болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері туралы, сонымен қатар осы форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін айтарлықтай төмендететінін атап өтті.