Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

2021 жылғы 15 маусымда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Семей қаласындағы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде мемлекеттік қызмет заңнамасы және мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізді. Азаматтармен сұхбаттасу барысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түспеді. Қабылдау барысында өткізген сауалнама нәтижесінде азаматтар қызмет көрсету сапасымен қанағаттанған.

Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша анықтамалық-ақпараттық материалдар, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі және Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің жауапты қызметкерлерінің байланыстары қолжетімді және көрнекті жерде орналасқан.