Ашық есік күні

Ашық есік күні

2021 жылғы 27 мамырда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен Ашық есік күні өтті.

«Adaldyk Alany» жобасының негізгі мақсаттарын орындау бойынша іс-шаралар Жоспарына сәйкес Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде зейнетақы және жәрдемақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша «Саңыраулардың қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігінің филиалы ШҚ облыстық ұйымы, «Алтын ай» мүгедек әйелдердің  қоғамдық бірлестігі өкілдерінің қатысуымен кезекті Ашық есік күні өтті.

Осы іс-шара барысында еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақыны (№1 және №2 Тізім), ШҚО аумағында тұрақты тұратын шет ел азаматтарына бала тууына байланысты тағайындалатын жәрдемақы, Ресей Федерациясынан көшіп келген азаматтарға зейнетақы тағайындау, мүгедектік тағайындау мәселелері бойынша 9 адам қабылданып, толық түсініктемелер берді.

Барлық көтерілген сұрақтар бойынша тиісінше толық түсіндірмелер мен кеңестер берді.