«Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындауға құжаттарды қабылдаудың сапасын арттыру» тақырыбында семинар-оқыту

«Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындауға құжаттарды қабылдаудың сапасын арттыру» тақырыбында семинар-оқыту

2021 жылдың 26 сәуірде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен бекітілген оқыту кестесіне сәйкес онлайн форматта Zoom платформасы арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» МК»  коммерциялық емес АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Бородулиха, Зайсан, Күршім аудандық бөлімшелерінің мамандарымен зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындауға құжаттарды қабылдауда және іс макеттерін қалыптастырудың сапасын арттыру мақсатында «Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындауға құжаттарды қабылдаудың сапасын арттыру» тақырыбында семинар-оқыту өтті.

Семинар оқытуды Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жүргізді.

Семинарда қолданыстағы зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру талқыланды.

Қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берілді.