Бородулиха ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында семинар

Бородулиха ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында семинар

 Бородулиха ауданында «ШҚО Бородулиха ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  ҚР «Қазақстан Республикасында мүгедектерді  әлеуметтік қорғау туралы» Заңы талаптарының сақталу бойынша, 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған профилактикалық бақылау жүргізу барысында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің  бас маманының қатысуымен Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер саласында заңнамалардың сапалы орындалуы мақсатында онлайн форматта семинар-оқыту өтті. Семинарға «ШҚО Бородулиха ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың меңгерушілері, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант және ауылдық округтердегі әлеуметтік қызметкерлер қатысты. 

Семинар барысында жоғарыда көрсетілген нормативтік-құқықтық актілері бойынша түсініктеме беріліп, үйде қызмет көрсету ұйымы мамандарының қызмет алушыларға бақылауын жүргізу бойынша, жеке жоспарлардың іс-шараларын әзірлеу бойынша және әлеуметтік қызметтерді көрсетуді Стандартқа сәйкес тоқтату бойынша сұрақтарына мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы құқықтық актілерге сәйкес жауаптар берді.