семинар 2

семинар 2

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы және арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы заңнамаларды сапалы орындау мақсатында онлайн форматта семинар өтті.

Семинарға Ұлан және Абай аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, мүгедектермен жұмыс атқаратын секторлардың мамандары, үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың меңгерушілері мен әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттары қатысты.

Семинар барысында құқықтық актілер бойынша жасалған слайдтар қолданып, қимылы шектеулі топтар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету, ОЖБ орындау және арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы сұрақтарға толық жауаптар берді.