Ашық есік күні

Ашық есік күні

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  тапсырмасын орындау мақсатында Ашық есік күні өтті.

Ашық есік күні барысында брифинг өтті. Брифингке «Саңыраулардың қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігінің филиалы ШҚ облыстық ұйымы, «Алтын ай» мүгедек әйелдердің  қоғамдық бірлестігі, «Оналту және дамыту орталығы  «Страна чудес»  қоғамдық бірлестігі, сонымен қатар аймақтық БАҚ өкілдері қатысты.

Брифингте алғашқы болып Департамент басшысының міндетін атқарушы Марина Валерьевна Шаронова сөз алды.

Брифинг барысында келесі мәселелер талқыланды:

  • Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде медициналық-әлеуметтік сараптама сапасын бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу;
  • мүгедектердің есту үшін протездеу мен есту аппаратттарын алу бойынша;
  • ЖОБ рәсімдеуде әлеуметтік қорғау және медициналық мекемелер арасындағы өзара қарым-қатынастың болмауы;
  • мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша заңнамалардың сақталуы;
  • әлеуметтік нысандардың бейімделуін Департаментпен жоспардан тыс тексеру.

Көтерілген мәселелер бойынша жауаптар алынып, пікірталастар өтті.

Кездесу соңында үкіметтік емес сектор мен бұқаралық ақпараттық құралдарының мемлекеттік органдарымен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өзекті мәселелерін шешуде үлкен үлес қосатындығы айтылды.

Брифингке қатысушылар тоқсан сайын кемінде бір рет осындай кездесулер өткізу ұсынылды және ұсыныс Департамент тарапынан қолдау тапты.