Медициналық-әлеуметтік сараптама сапасын бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері бойынша семинар

Медициналық-әлеуметтік сараптама сапасын бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері бойынша семинар

2021 жылғы 29 наурызда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде медициналық-әлеуметтік сараптама сапасын бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері бойынша семинар өтті. Семинарға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша департаментінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің өкілдері қатысты.Семинарда медициналық-әлеуметтік сараптаманың мәселелері жөніндегі басшының орынбасары Қ.М. Ибраева "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі жыл сайын 19000-20000 адамға көрсетілетіндігі және бұл мемлекеттік көрсетілетін қызмет қызмет алушыларға тікелей көрсетілетіндігін атап өтті. Семинар қатысушыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметті сырттай көрсету мәселелері қарастырылуда екенін де атап өтті.Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша пікір алмасты