Семей қаласының №11 МӘС бөлімімен семинар-кеңес өткізу.

Семей қаласының №11 МӘС бөлімімен семинар-кеңес өткізу.

18.03.2021 жылы ШҚО ДСБ "Үржар аудандық орталық ауруханасы" ШЖҚ КМК базасында Семей қаласының №11 МӘС бөлімі ДКК төрағасымен және Үржар аудандық орталық аурухана дәрігерлерімен бірлесіп келесі тақырыптарда семинар-кеңес өткізді: 1. "Мүгедектікті және/немесе жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау"мемлекеттік қызметін көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдер. 2. "Мүгедектікті және/немесе жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау"мемлекеттік қызмет көрсету стандарты. 3. 31 Н. толтырылуын түсіндіру (медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытынды). Кеңес барысында негізгі мәселелер айтылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беруді мүлтіксіз сақтауға ұсынымдар берілді, МӘС-ке жіберу мерзімдері мен тәртібі, МӘС алғашқы шешіміне шағымдану мерзімдері, пациентті әлеуметтік қызмет көрсетуге жіберу кезіндегі айғақтары мен қарсы көрсетілімдері түсіндірілді. Барлық түскен сұрақтарға түсініктемелер мен жауаптар берілді.