Сайт, Инстаграм БЖЗҚ-нан жинақтардың бір бөлігін алу (1-бөлім)

Сайт, Инстаграм  БЖЗҚ-нан  жинақтардың бір бөлігін алу (1-бөлім)

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Үкімет зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, қымбат тұратын емге ақы төлеуге немесе жеке басқарушы компанияларға басқаруға беруге пайдалану тәсілдерін әзірледі.

Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емге ақы төлеуге немесе жеке басқарушы компанияларға басқаруға беруге Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ)жинақтардың бір бөлігін алып қою құқығы берілетін болады:

1)БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, «жеткіліктілік шегінен» асатын соманың бір бөлігін пайдалана алатын жұмыс істейтін азаматтар.

Негізгі қағидат – зейнетақы жинақтары азаматтарды жинақтаушы зейнетақы жүйесінен (бұдан әрі – ЖЗЖ)болашақта зейнетақымен қамсыздандыру үшін қажет.

Сондықтан белгілі бір сома шотта қалуы керек.Осы сомадан тысазаматтар өз таңдауы бойынша жоғарыда көрсетілген қажеттіліктерге пайдалана алады.

2)зейнетақысы жоғалған табыс мөлшерінің кемінде 40%-ын (бұрын алынатын жалақы) құрайтын қалыптасқан зейнеткерлер БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинақтары сомасының 50%-на дейін пайдалана алады.

3)зейнетақы аннуитетін рәсімдеген және әлі жинақтары бар азаматтарға – БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинақтарының сомасы шегінде.

Бүгінгі таңда заңнамалық түзетулер Үкімет БЖЗҚ-дан Мақсатты төлемдерді жүзеге асыру тәртібін белгілейтінін көздейді (оның ішінде салымшылардың жасына, жинақтардың болашақ кезеңдеріне байланысты, жартылай М/Ж бойынша бөлмей, жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесі).

«Жеткіліктілік шегі» деп тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен емес ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері қаралады.