Әйел адамдардың зейнетақы тағайындау жасының өзгеруі

Әйел адамдардың зейнетақы тағайындау жасының өзгеруі

Әйел адамдардың зейнетақы тағайындау жасының өзгеруі

 

Зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына (әрі қарай – Заң) сәйкес тағайындалады.

Жасына байланысты зейнетақы толық көлемде әйелдерге 58 жасқа толғанда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемiнде жиырма жыл еңбек өтілі болған кезде тағайындалады.

 Бұл ретте әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау:

      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толғанда;

      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа толғанда;

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толғанда;

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толғанда;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толғанда;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толғанда;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толғанда;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толғанда;

      2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толғанда;

      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргізіледі.

Зейнетақы жасының кезең кезеңмен (жыл сайын 6 айға) өсуі 2018 жылғы 1 қаңтардан басталды.

Туған жылы

Зейнетке шығу жылы

Жасы

01.01.1960-01.07.1960

01.07.1960-31.12.1960

01.07.2018-31.12.2018

01.07.2019-31.12.2019

58,5

59

01.01.1961-01.07.1961

01.07.1961-31.12.1961

01.07.2020-31.12.2020

01.07.2021-31.12.2021

59,5

60

01.01.1962-01.07.1962

01.07.1962-31.12.1962

01.07.2022-31.12.2022

01.07.2023-31.12.2023

60,5

61

01.01.1963-01.07.1963

01.07.1963-31.12.1963

01.07.2024-31.12.2024

01.07.2025-31.12.2025

61,5

62

01.01.1964-01.07.1964

01.07.1964-31.12.1964

01.07.2026-31.12.2026

01.07.2027-31.12.2027

62,5

63

Сонымен, егер әйел адам 9 қараша 1961 жылы туған болса, оның зейнеткерлік жасы 9 қараша 2021 жылы, 60 жасқа толғанда болады.

2021 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы төлемдеріне құқысы бар (01.07.1961 жылға дейін туған) әйел адамдар 2020 жылдың 31 қаңтарын қоса алғандағы мерзімге дейін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш беру қажет.