Адалдық алаңы бойынша ақпарат

Адалдық алаңы бойынша ақпарат

2020 жылғы 25 желтоқсанда Департаменттің акт залында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен Департамент, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, "Шығыс – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі арасында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді. 

Аталған меморандумның мақсаты тараптардың сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жөніндегі ынтымақтастығы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмыстар, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасының заңнамасындағы барлық өзгерістер туралы хабардар ету және мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтау мен құрметтеу сезіміне тәрбиелеу, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау тұрғысынан тәртіпті арттыру болып табылады.

Сонымен қатар, бекітілген жоспарға сәйкес 2020 жылғы 24 желтоқсанда  «ANTIKOR» платформасында «2020 жылғы Департаменттің атқарған жұмысы» тақырыбында тікелей эфир өткізілді.

Тікелей эфир барысында Департамент тарапынан 2020 жылы атқарылған жұмыстар және  әлеуметтік қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер бойынша өзгерістер туралы баяндама жасалып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.