«Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау

«Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары 2026 жылғы 15 маусымнан 18 маусым аралығында, 2026 жылғы 1 жартыжылдыққа бекітілген тізімге сәйкес Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы, Марқакөл ауылы, А. Крахмаль көшесі, 67 мекенжайында орналасқан «Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізді.

Тексеру барысында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары Марқакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарымен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді кедергісіз орта құру және де техникалық оңалту құралдарының жаңа механизмі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысушылардың барлық сұрақтарына жауаптар берілді.