
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бақтияр Жазықпаевтың Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында мемлекеттік органдар мен әлеуметтік сала ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті басшысының міндетін атқарушы Н. Литке және зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Р. Ахметова қатысты.