📌 Арнаулы әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі

📌 Арнаулы әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеп, 55 жасқа толған кезде арнайы әлеуметтік төлем алуға құқылы.

✅ Төлем тағайындау шарттары:
• міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының кемінде 84 ай төленуі;
• зиянды еңбек жағдайларындағы жұмысты тоқтату немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауысу.

💰 Арнаулы әлеуметтік төлем құрамына мыналар кіреді:

1️⃣    Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы — 101 702 теңге (2 ең төменгі күнкөріс деңгейі);

2️⃣    Зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі — 50 851 теңге (1 ең төменгі күнкөріс деңгейі);

3️⃣    Жұмыс беруші қаражаты есебінен кәсіптік төлем — 50 851 теңге (1 ең төменгі күнкөріс деңгейі);

4️⃣    Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және міндетті зейнетақы жарналары есебінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемі. Оның мөлшері әр азаматтың зейнетақы жинақтарына байланысты жеке анықталады.

📎 Анықтама үшін:
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшері — 50 851 теңге.

⚠️ Төлем проактивті түрде, яғни қызметкердің өтінішінсіз тағайындалады.

❗ Егер төлем алушы қайтадан зиянды еңбек жағдайларындағы жұмысқа орналасса, барлық көздерден төленетін төлемдер автоматты түрде тоқтатылады.

📌 Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істемейтін, бірақ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары кемінде 84 ай төленген азаматтарға:

✔️ арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы — 101 702 теңге;
✔️ Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және міндетті зейнетақы жарналары есебінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемі. Оның мөлшері әр азаматтың зейнетақы жинақтарына байланысты жеке анықталады.

📍 Бұл жағдайда арнаулы әлеуметтік төлемді тағайындау үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне жүгінуі қажет.