Бүгін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінде аналитика және ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің маманы, теолог Ринат Назарбековтың қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесу барысында департаменттің мемлекеттік қызметшілеріне «Деструктивті діни ағымдардың зиянды әсері», «Қазақстан Республикасындағы дін саласындағы заңнама мәселелері», сондай-ақ лудоманияның алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Спикер деструктивті діни ағымдардың белгілері, олардың қоғамға тигізетін қауіптері, алдын алу шаралары және діни қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама талаптары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық тұрақтылықты сақтау және сыни ойлау қабілетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
ШҚО бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті басшысының м.а., әдеп жөніндегі уәкілі Литке Н.В. атап өткендей, мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін нығайтуға, ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және деструктивті идеологияларға қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыруға ықпал етеді.