Брифинг

Брифинг

Ағымдағы жылдың 26 мамырында Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткізілген техникалық оңалту құралдары үшін төленетін кепілдендірілген өтемақы сомасын есептеу әдістемесі, техникалық оңалту құралдарының қайтарымды моделі туралы және жасына байланысты зейнетақы тағайындау мәселелері бойынша брифингке қатысты.

Брифингте Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік қолдау саласындағы өзгерістер мен жаңа бағыттары бойынша баяндамалар тыңдалды, сонымен қатар медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу кезінде медициналық ұйым дәрігерлерінің құжаттарды бұрмалау мәселелері айтылды.

БАҚ өкілдерінің қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.