«Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау

«Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары 2026 жылғы 12 мамырдан 14 мамыр аралығында, 2026 жылғы 1 жартыжылдыққа бекітілген тізімге сәйкес Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы, Жамбыл көшесі, 16 мекенжайында орналасқан «Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізді.

Тексеру барысында, меншік нысанына қарамастан, арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын жергілікті атқарушы органдардың қызметіне қатысты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағына сәйкес бұзушылықтар және  мүгедектігі бар адамдардың жеке оңалту бағдарламасына сәйкес іс-шараларды орындау бөлігіне сәйкес бұзушылық анықталды.

Тексеру нәтижесінде «Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне орындау мерзімін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Сондай-ақ, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарымен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді кедергісіз орта құру және де техникалық оңалту құралдарының жаңа механизмі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қатысушылардың барлық сұрақтарына жауаптар берілді.