
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мамандармен және онлайн форматта Zoom платформасы арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» МК» коммерциялық емес АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының мамандарымен ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесі бойынша семинар өтті.
Семинар белсенді әрі нәтижелі атмосферада өтті: қатысушалар тек өзекті ақпарат алып қана қоймай, сонымен қатар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, практикалық жағдайларды талқылауға мүмкіндік алды.