«Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау

«Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары 2026 жылғы 6 сәуірден 8 сәуір аралығында, 2026 жылғы 1 жартыжылдыққа бекітілген тізімге сәйкес, ШҚО, Алтай ауданы, Алтай қаласы, Первомайская көшесі, 23 мекенжайында орналасқан «Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізді.

Тексеру нәтижесінде «Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне орындау мерзімін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Сондай-ақ, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарымен бірлесіп, халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сондай ақ Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы бойынша әлеуметтік салада түсініктемелер берілді.

Қатысушылардың барлық сұрақтарына жауаптар берілді.