
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» акциясына қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасын қолдау аясында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті сенбілік ұйымдастырды.
Іс-шараға департамент қызметкерлері қатысып, аумақты тазарту мен абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысты. Сенбілік барысында қоғамдық орындардың тазалығы қамтамасыз етіліп, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жүргізілген.