
Бекітілген кестеге сәйкес Департаментпен облыстың медициналық ұйымдарының дәрігерлік-консультациялық комиссияларының (ДКК) төрағаларын оқыту өткізілді.
Оқыту барысында келесі негізгі мәселелер қарастырылды:
✔️ азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау тәртібі
✔️ медициналық құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар
✔️ ДКК жұмысындағы жиі кездесетін қателіктер
✔️ қолданыстағы заңнама талаптары
Құжаттарды сапалы дайындауға және МӘС-ке жолдаулардың негізділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.
ДКК мамандарының біліктілігін арттыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасатын болады.