«Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау

«Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары 2026 жылғы 26 наурыздан 31 наурыз аралығында, 2026 жылғы 1 жартыжылдыққа бекітілген тізімге сәйкес, ШҚО, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, З. Ахметов  көшесі, 5 мекенжайында орналасқан «Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізді.

Тексеру барсында, меншік нысанына қарамастан, арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын жергілікті атқарушы органдардың/олар уәкілеттілік берген органдардың , субъектілердің қызметіне қатысты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағына сәйкес бұзушылықтар анықталды.

Тексеру нәтижесінде «Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне орындау мерзімін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Сондай-ақ, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарымен бірлесіп, халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қатысушылардың барлық сұрақтарына жауаптар берілді.