
2026 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының м.а. Н.В. Литкенің қатысуымен «Азаматтарға арналған үкімет» МК» коммерциялық емес АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы мамандарымен жұмыс кеңесі өтті.
Кездесу барысында зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері, артық төленген сомаларды өндіру тәртібі, зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының негізгі нормалары түсіндіріліп өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, алдағы жұмыстың басым бағыттары айқындалды.