Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы

Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы

Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы

Әлеуметтік Кодекстің "Мүгедектігі бар адамдарды мемлекеттік қолдау" 13-тарауының 7-параграфына сәйкес мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген жәрдемақы алу құқығы бар шетелдіктерге беріледі.
Жәрдемақы мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалады, мүгедектігі бар екі және одан да көп бала отбасында тұрған жағдайда мүгедек баланы тәрбиелеп отырған жәрдемақы мүгедектігі бар әрбір балаға тағайындалады және төленеді.
Мүгедектігі бар баланы туған, асырап алынған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған балалары бар отбасыларға жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген күннен бастап тағайындалады.
2026 жылғы 1 қаңтардаң бастап жәрдемақы мөлшері 1,61 ЕТКД (81 871 теңге) дейін ұлғайтылды.
Балаға мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде өтініш беруші мүгедек баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша МӘС бөлімшесіне өтінішпен жүгінеді, Заңға сәйкес проактивті қызмет арқылы жәрдемақы тағайындау кезінде мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы тағайындау үшін өтініш беру талап етілмейді.
Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға тікелей не Мемлекеттік корпорация арқылы немесе порталға жүгінген күннен бастап баланың мүгедектігінің бүкіл кезеңіне тағайындалады.
Мүгедектігі бар баланы толық мемлекеттік қамтамасыз етуге айқындаған жағзайда мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы, осы фактіні бала толық мемлекеттік қамтамасыз етуде болған мемлекеттік мекеме құжатталған жағдайда бала отбасында демалыста болған кезеңге тағайындалады.