
2026 жылғы 4 наурызда халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандары «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» қызметкерлері және мүгедектігі бар адамдардың заңды түлғаларымен жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, мүгедектігі бар адамдарға міндетті гигиеналық құралдар, оның ішінде жөргектерге тапсырыс беру кезінде тек тоқсандық норма 360 данадан кем емес шегінде тапсырыс берілетіні жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, алдыңғы тапсырысты алған күннен бастап 60 күнтізбелік күн өткеннен кейін ғана қайта тапсырыс рәсімдеу мүмкіндігі берілетіні айтылды.
Жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстары түсінбеушіліктердің алдын алуға және белгіленген тәртіпті дұрыс түсінуді қалыптастыруға бағытталған.