«Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ субъектісіне (объектісіне) барумен профилактикалық бақылау.

«Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ субъектісіне (объектісіне) барумен профилактикалық бақылау.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау және реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы - Н. Е. Ақынтаев және бөлімнің бас маманы - Р. С. Ақылов 2026 жылғы 11 ақпаннан 2026 жылғы 27 ақпанға дейін «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2026 жылғы 1 жартыжылдыққа бекітілген жоспарға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізді.

Тексеру барсында жергілікті атқарушы органдардың/олар уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың,  субъектілердің қызметіне қатысты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағына сәйкес, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемінің шешімін шығару жөніндегі мерзімді сақтамау бөлігінде бұзушылықтар анықталды.

Тексеру нәтижесі бойынша «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ орындау мерзімін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Сондай-ақ, бақылау бөлімінің мамандары Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарымен бірлесіп, халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қатысушылардың барлық сұрақтарына жауаптар берілді.