Зорлық-зомбылық пен қудалауға нөлдік төзімділік: жауапкершілік және корпоративтік мәдениет

Зорлық-зомбылық пен қудалауға нөлдік төзімділік: жауапкершілік және корпоративтік мәдениет

Зорлық-зомбылық пен қудалауға нөлдік төзімділік: жауапкершілік және корпоративтік мәдениет
Зорлық-зомбылық пен қудалауға нөлдік төзімділік қағидаттарын қалыптастыру аясында ШҚО бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі Литке Н.В. ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты — өзара құрметке, жауапкершілікке және қызметтік әрі кәсіби әдеп нормаларын сақтауға негізделген корпоративтік мәдениетті нығайту, сондай-ақ азаматтар мен қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктерін түсіндіру.
Кездесудің спикерлері:
🔹 «Жанұя» отбасын қолдау орталығы КММ басшысы Гайсина М.Ж.;
🔹 Өскемен қ. ПБ ООБ ОПБСБН инспекторы, полиция майоры Беккалиева Э.Д.
Кездесу барысында зорлық-зомбылықтың алдын алу, әрекет ету алгоритмдері, жауапкершілік шаралары, сондай-ақ қауіпсіз әрі құрметке негізделген ортаны қалыптастырудағы әр қызметкердің рөлі талқыланды.
Сенімге, ашықтыққа және өзара құрметке негізделген орта — салауатты ұжым мен тиімді жұмыстың кепілі. Зорлық-зомбылық пен қудалаудың кез келген түріне нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыру тек бірлескен күш-жігер арқылы мүмкін.
#QURMET
#НөлдікТөзімділік
#Әдеп
#ЗорлықЗомбылықтыңАлдынАлу
#КорпоративтікМәдениет
#ШҚО
#Өскемен