
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қоғам қайраткері, жазушы Жан Мұхарапұлы Ақжановпен кездесуге қатысты.
Кездесу халықты әлеуметтік қолдау шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында өтті, кездесуге Өскемен қаласы әкімдігінің «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» КММ-нің өкілдері мен Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының еңбек ұжымы да қатысты.