
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментімен ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының талаптарына сәйкес 20.01.2026 ж. бастап 21.01.2026 ж. аралығында Риддер қаласы, Семенова көшесі, 13 мекенжайында орналасқан «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де ҚР Әлеуметтік Кодексінің 154-бабының талаптарын сақтау тұрғысынан жоспардан тыс тексеру тағайындалды және жүргізілді.
Тексеру барысында бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың, мүгедектігі бар адамдарға объектідегі кіру топтарына қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптары орындалмағаны анықталды.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 462-бабының 3-тармағына сәйкес, «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің лауазымды тұлғасына әкімшілік хаттама толтырылды.