
2026 жылдың 04-05 ақпаны күндері Өскемен қаласының № 2 МӘС бөлімі мамандарымен ШҚО, Риддер каласының «Риддер қалалық ауруханасы» ШҚЖ КМК мекемесінде мүмкіндігі шектеулі жандарға алғашқы және қайта куәландыру мақсатында барып қарастыру жұмыстары жүргізілді. 2026 жылдың 04 ақпаны күні ДКК төрағасының қатысуымен аурухана дәрігерлеріне семинар-кездесу келесі сұрақтар бойынша жүргізілді: 1) МӘС-ке жіберудің негізділігі, МӘС-ке жіберу тәртібі, оның ішінде сырттай куәландыру үшін; 2) Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңы туралы.