FAKE

FAKE

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 202-бабына сәйкес мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және жасына байланысты зейнетақы төлемдері ағымдағы айда жүргізіледі.

         Ай сайынғы қажеттілікті, зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы, өзге де төлемдерді жүзеге асыру кестелерін қалыптастыру және уәкілетті мемлекеттік органға бюджет қаражатына қажеттілік туралы өтінімді жіберу «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы бөлімшелерінің құзыретіне кіреді

          Зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті органның шешімдері негізінде Мемлекеттік корпорация тағайындалған сомаларды төленетін айдың алдындағы айдың 27-күніне ай сайын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілетін төлемге бюджет қаражатының қажеттілігіне қосуды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бюджет қаражатының қажеттілігіне сәйкес оларды Мемлекеттік корпорацияға белгіленген сомалар шегінде аударуға ұсынады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеу ай сайын жүргізіледі, төлем айына қажеттілік қалыптасқаннан кейін пайда болған төлем үшін қажетті сомалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес одан кейінгі айда қаржыландыруға енгізіледі.

Желтоқсан айындағы зейнетақы төлемдері толық көлемде жүргізілді. Арттырылуды ескере отырып, қаңтар айындағы зейнетақы төлемдері бекітілген кестеге сәйкес 2026 жылғы қаңтарда аударылатын болады.

Мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланған ресми көздерден алынған ақпаратқа ғана сенуді сұраймыз.